Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтар сотқа тартылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон ұстаған қарт әйел
Телефон ұстаған қарт әйел. Көрнекі сурет: grinvalds/Getty

Еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтарға сотқа шақырту жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңгер айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын айтып берді.

Ол 2GIS-те жағымсыз пікір қалдырған кезде, салондағы мамандар ар-намысты қорғау туралы сотқа шағым түсіреміз деп қорқытқан. Заңгер қызға салонның бұған құқығы бар екенін айтқан.

"Сонда адам сотта жеңіп шығып, қызмет сапасыз көрсетілгенін дәлелдесе ғана пікір жазып қалдыруына бола ма?", - деп сұрады журналист.

"Интернетте пікір қалдырмас бұрын, шынымен сот-медициналық сараптамадан өтуіңіз керек. Сот шешімінен кейін ғана, расымен косметологиялық орталықта күйіп қалғаныңыз, яғни жүргізілген сапасыз процедура фактісі болса ғана пікір қалдыра аласыз.

Әйтпесе қызмет көрсететін адам өзінің іскерлік беделі, ар-намысы мен абыройын қорғауы үшін сотқа жүгінуі мүмкін", - деп түсіндірді "Фемида" қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық ұйымының заңгері Лера Абдулхаирова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119347-esh-dalelsiz-zhagymsyz-pikir-zhazgan-qazaqstandyqtar-sotqa-tartyluy-mumkin/