Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны кезінде құтқарушылар қанша жалақы алғанын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБрифингте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстандағы су тасқыны кезінде құтқарушылар орташа қанша жалақы алғанын айтты – төлемдер елдегі жағдай мен жұмыс кестесіне байланысты өзгеріп отырған. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Шыңғыс Әріновтің айтуынша, құтқарушылардың еңбекақысы әртүрлі. Құтқарушылар үстемеақы жұмыс санаты мен жағдайдың күрделілігіне қарай төленеді, сондықтан олар ай сайын әртүрлі жалақы алады.
Мынадай үстемақылар қарастырылған:
- 25 пайыз – күту режимінде және тұрақты дайындықта болғаны үшін;
- 70 пайыз – денсаулыққа зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыстар үшін;
- 300 пайыз – өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайдағы жұмыстың әрбір сағаты үшін;
- 100 пайыз – жоғары және төмен температурадағы жұмыстың әрбір сағаты үшін;
- 100 пайыз – су астында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін;
- 100 пайыз – қайтыс болған адамдардың денелерімен жұмыс істеу кезіндегі психоэмоционалды стресс үшін;
- 15 пайыз – шыбын-шіркейлер мен басқа да қауіпті жәндіктермен, кенелермен жұмыс істегені үшін.
"Жұмыс кестесі мен жағдайларға сәйкес олардың жалақысы өзгеріп отырады, егер олар осы жіктемеге кіретін болса, оларға үстемеақы төленеді – ай сайын әртүрлі жалақы алады.
Орташа алғанда, тасқын кезінде үстемеақыларды есепке алғанда әр құтқарушы орташа 334 мың теңге еңбекақы алды. Өкінішке қарай, қазір пагоны бар аттестациядан өткен қызметкерлер – өрт сөндіру қызметінің өртсөндіруші-құтқарушылары мұндай үстемақы ала алмай отыр, бірақ біз осы мәселемен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Әрінов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119398-totenshe-zhagdailar-ministri-su-tasqyny-kezindegi-qutqarushylardyng-zhalaqysyn-zhariialady/