Алматыда апатқа байланысты екі ауданның тұрғындары жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Бүгін Алматыдағы екі қосалқы станцияда апат болып, Бостандық және Медеу аудандарының кейбір тұрғындары жарықсыз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алатау Жарық Компаниясы"АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"18 маусымда сағат 18:49-да 160А және 157а қосалқы станцияларында апат болып, Бостандық және Медеу аудандары тұтынушыларының бір бөлігі электр жарығынан ажыратылды.
Қазіргі уақытта тұтынушыларды қайта қосу бойынша апат-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісіне "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өкілдері.
Сондай-ақ "АЖК" сайтында барлық ажырату бойынша ақпаратты "Алматының электр энергиясын ажыратудың интерактив картасы" бөлімінен алуға болатыны ескертілді.
Электрмен жабдықтаудың үзілу себебіне қатысты "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС "Байланыс Орталығына" хабарласу ұсынылады, телефон нөмірі: 356 99 99.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119749-almatyda-apatqa-bailanysty-eki-audannyng-turgyndary-zharyqsyz-qaldy/