Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі Еңбекші ауданында жаңа гүлзар ашылды

Жарияланған күні:

Шымкенттегі жаңа гүлзар
Шымкенттегі жаңа гүлзар. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Еңбекші ауданындағы Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

Ауданда 2022 жылы "Қазақстан-Түркия достығы" саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға сый ретінде тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.

Жаңа аллея "BIG TULIP" атауын иеленген. "Tulip" түркі тілінде қызғалдақ деген мағынаны береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін артырады. Компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба тапсырылмақ.

Шымкенттегі жаңа гүлзар
Шымкенттегі жаңа гүлзардың ашылу рәсімі. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Бұған дейін заңсыз сауда нысандары болған аумақ осылайша абаттанған орынға айналды. Қала әкімі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғаса беретінін айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, бұндай нысандарға бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бәрі де кәсіпкерлердің өз бастамасымен, сый ретінде салынуда. Осы іске үлес қосқан сіздерге де рақмет. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Жақсы орындар көбейе берсін. Енді осы нысанды өздеріңіз күтіп-ұстаңыздар. Жалпы халықтың да тазалыққа деген санасы өзгеруі керек. Қазір қалада субұрқақтардың ескірген насостарын ауыстырып жатырмыз. Жақын арада оны да іске қосамыз", - деді қала әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Шымкенттегі жаңа гүлзар
Шымкенттегі жаңа гүлзар. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Өз кезегінде қала тұрғындары да шаһар басшысына ризашылығын айтты. Осындай жаңа гүлзарлар көптеп ашылғалы жастардың, тұрғындардың да тазалыққа деген ойы өзгере бастағанына жеткізді.

Шымкенттегі жаңа гүлзар
Шымкенттегі жаңа гүлзар. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Қызғалдақ – қаламыздың символы. Big Tulip атауы адамдардың назарын осы әдемі гүлге аударуды көздейді.

Шымкенттегі жаңа гүлзар
Шымкенттегі жаңа гүлзар. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119755-shymkenttegi-engbekshi-audanynda-zhanga-gulzar-ashyldy/