Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмағы 30 тонна": Астанада әуе көлігін орнынан қозғаған полицей әлемдік рекорд жаңартты (видео)

Жарияланған күні:

Бауыржан Қамалиев
Бауыржан Қамалиев. Фото: Almaty.tv

Елордада Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, әлемдік рекорд жаңартты. Бұл оның әлемдік деңгейдегі бесінші жеңісі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның ақпараты бойынша, Астанада Қазақстан полициясы күні қарсаңында өткен іс-шара аясында Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Қамалиев МИ-17 ұшағын орнынан жылжытып, әлемдік рекорд жасады. Ол әскери техниканы 10 метрге дейін сүйрей алған.

Бауыржан күштік экстриммен айналысады. Бұған дейін ол локомотив тарту бойынша әлемдік рекорд орнатқаны белгілі. Ауыр атлеттің айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін үнемі дайындық керек.

"Не бел кетеді, не белбеу кетеді" деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше тарттым", - деді Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Қамалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында жазасын өтеуші салмағы 3 тоннаға жуық "ГАЗель" көлігін тісімен сүйреген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120025-salmagy-30-tonna-astanada-aue-koligin-ornynan-qozgagan-politsei-alemdik-rekord-zhangartty-video/