Қарағанды облысында жазасын өтеуші салмағы 3 тоннаға жуық "ГАЗель" көлігін тісімен сүйреді (видео)
Жарияланған күні:
Қарағанды облысындағы колонияда салмағы 4 тонна болатын затты тісімен сүйреп апара алатын ер адам жазасын өтеп жатыр. Ауыр жүкті тісімен тарта алатын сотталушы бұл жолы жолушылар мінген "ГАЗель" көлігін қозғалтқан, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, 23 жастағы Рахат Үшкемпір есімді сотталушы 7 жыл бойы экстремалды спортпен айналысады, атап айтқанда, гір көтеру, шыны сынықтармен және отпен трюктар орындау.
Рахат қиын жаттығуларды бала кезінде әкесі үйреткенін айтты.
Колониядағы жазғы спартакиаданың ашылуында Рахат 30 жолаушы мінген "ГАЗель" көлігін тісімен сүйреді. Адамдары бар мұндай көліктің жалпы салмағы шамамен 3 тоннаға жуық болған.
"Мен 4 тоннаны көтере аламын, қазір мен салмағы 3 тоннаға жуық ГАЗельді қозғалттым. Тістерім ауырмайды. Біздің отбасыда бәрі істей алады. Колонияда жаттықпадым.
Тістеріме ерекше ештеңе істемеймін. Кальций қабылдаймын. Бәрі жақсы", - деді Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №35 мекемесінде жазасын өтеуші Рахат Үшкемпір.
Кәсіби спортшылар да сотталушының ерекше қабілеттерін жоғары бағалады. Қарағанды облысының ММА федерациясы алып күш иесін спортты насихаттап жүргені үшін алғыс хатпен марапаттады.
"Мекемеде жыл сайын жасақтардың арасында спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Бүгін ашылу құрметіне сотталушының көрсеткені көрермендерді таңғалдырды", - дейді Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі №35 мекемесінің бастығы Әсет Шаймерденов.
Рахат бостандыққа шығып, жүргізуші-механик қызметін жалғастырып, жаңа өмір бастауды армандайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090732-qaragandy-oblysynda-zhazasyn-oteushi-salmagy-3-tonnaga-zhuyq-gazel-koligin-tisimen-suiredi-video/