Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір бөлігі толығымен жабылады
Опубликовано:
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында Қабанбай батыр даңғылының Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі бөлігінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.
"Осыған байланысты 20 маусым сағат 07:00-ден 22 маусым сағат 7:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады(оның ішінде Орынбор көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысы)", - делінген әкімдік хабарламасында.
Ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағытын алдын ала жоспарлауды өтініп, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2120589-astanada-qabanbai-batyr-danggylynyng-tagy-bir-boligi-tolygymen-zhabylady/