Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"28 жылдан бері қолданыста": "Жолаушылар тасымалы" басшысы вагондар қашан жаңаратынын айтты

Жарияланған күні:

Пойыз қатынайтын жолаушылары
Жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов сенат кулуарында ескі кеңестік вагондардан қашан бас тартатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жәнібек Тайжанов ұлттық тасымалдаушы – ҚТЖ-да 600-ге жуық вагон бар екенін хабарлады.

"ҚТЖ ұлттық тасымалдау компаниясында мұндай ескі 600-ге жуық вагон бар. Жеке тасымалдаушыларда да осындай вагондар бар. Бұл 28 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан вагондар, олар 80-90-жылдары шығарылған. Сондай-ақ өндіруші зауыт шығарғанда кондиционерлеу жүйесін жасамаған. Олар 2030 жылға дейін есептен шығарылады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір жаңа вагондарды жаңарту және сатып алу жұмыстары жүргізіледі.

"150-ге жуық вагон сатып алдық, 157 вагонды сатып алуға келісімшарт жасастық. 2025 жылға қарай Stadler вагондарын күтіп отырмыз, ал 2030 жылға қарай бізде орташа жасы шамамен 10-13 жылдық жаңа вагондар болады. Қазақтандықтар ескі вагондар болғанын ұмытып та кетеді", - деп уәде берді спикер.

Жәнібек Тайжанов пойыздардың кешігу себебін де атады.

"Мұнда объективті себептер бар. Бірінші себеп – біз қазір инфрақұрылымның тозуы көп екенін бірнеше рет айттық. Біздің инфрақұрылымның тозу деңгейі – шамамен 56 пайыз. Магистральдық қозғалыс тозған. Біз үшін ең маңызды міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Теміржолда, магистральда жыл сайын жазғы кезеңде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Егер былтыр мен биылды қарасақ, қашық жолдардың жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, шамамен 1400 шақырым. Бұл кейбірінде жоспарлы жөндеу, кейбірінде жаңарту жұмыстары. Олар жаз мезгілінде қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жасалады", - деп түсіндірді ол.

Тайжановтың айтуынша, тағы бір себеп – су тасқыны.

"Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылы су тасқыны өте көп болды, ал су тасқыны маусымында теміржолда ешқандай проблемалар болған жоқ, бірақ су тасқыны аяқталғаннан кейін жолды сажөндеу қажет. Жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар пойыздарының кешігуі болып жатыр. Ал қыс мезгілінде қыс қатты болды, желтоқсан айында тіпті Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Желтоқсан айында Жамбыл облысы бойынша бізде 30-ға жуық жұп пойыз болды. Пойыздар тұрды, байланыс желісінің үзілуі желдің қатты екпіні әсерінен тоқтады. Қалпына келтіру жұмыстары ұзақ уақытқа созылды. Міне, бір себеп", - деп түйіндеді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" компаниясының жағдайы туралы баяндама жасаған болатын. Оның айтуынша, тасымалдаушы тиімсіз және консервативті менеджменттің кесірінен зардап шегіп отыр. Ол 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі барлық ҚТЖ жүк айналымының 73 пайызы өзіндік құннан төмен тарифтер бойынша тасымалданғанын айтты.

Реттелетін тарифтер бойынша шығындар 907 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар, оның айтуынша, компания несиелік тәуекелдің "қызыл" аймағында. Оның 2024 жылдың басындағы қарызы 2,9 трлн теңге болып, әлі де өсуін жалғастырып жатыр. Әлихан Смайыловтың ҚТЖ банкроттығы туралы мәлімдемесінен кейін депутат Ерлан Сайыров үкіметті басқарған кезде бұрынғы премьер неге бұл мәселені ертерек шешпегенін сұраған.

Ал депутат Еділ Жаңбыршин парламентке келмеген ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаевты сынға алып, оның компаниясы бойынша есепті тыңдады. Кейін ҚТЖ-да Смайыловтың компанияның қарыздары туралы сөздері түсіндірілді. Тасымалдаушы қазіргі уақытта ҚТЖ номиналды борышы 2,9 трлн теңгені құрайтынын, оның 30 пайызы шетел валютасында екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар компания ҚТЖ-ның тұрақты қаржылық жағдайы халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингтерінің деңгейімен және халықаралық қаржы институттарының сенімімен расталатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120943-28-zhyldan-beri-qoldanysta-zholaushylar-tasymaly-basshysy-vagondar-qashan-zhangaratynyn-aitty/