Қазақстан полицейлері бейнебақылау көзілдірігін пайдалануы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда бейнебақылау камералары шығарыла бастады. Бұған қоса өндірушілер болашақта патрульдік полиция қызметкерлері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған бейнебақылау көзілдіріктерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркейтін стационарлық және мобильді кешендер шығару ісі қолға алынды. Зауыт қаланың Медеу ауданында орналасқан.
Бұл түрік өндірушісінің локализациясы екені, енді Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде мобильді кешеннің 600 жиынтығы шығарылатыны мәлім болды. Келесі жылы өндіріс көлемі жылына 1 мың мобильді және соншалық стационарлық кешенге дейін арттырылмақ.
Өнімдер қоғамдық көліктер мен жедел қызмет автокөліктерінің – жедел жәрдем, өртке қарсы қызмет, полиция және т.б. қажеттіліктерге пайдаланылады.
Alatau Smart Technology Kazakhstan компаниясы өкілдерінің мәліметінше, алдағы уақытта өнімдері ассортименті кеңейтіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары технологиялары, патрульдік полицияға арналған бейнебақылау көзілдірігі, жаяу патрульдік полиция қызметкерлеріне арналған жетондар және транферт саласында басқа да ноу-хау енгізу жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121021-qazaqstan-politseileri-beinebaqylau-kozildirigin-paidalanuy-mumkin/