jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан полицейлері бейнебақылау көзілдірігін пайдалануы мүмкін

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бейнебақылау камералары шығарыла бастады. Бұған қоса өндірушілер болашақта патрульдік полиция қызметкерлері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған бейнебақылау көзілдіріктерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркейтін стационарлық және мобильді кешендер шығару ісі қолға алынды. Зауыт қаланың Медеу ауданында орналасқан.

Мамандар бейнебақылау камераларын құрастырып жатыр
Бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бұл түрік өндірушісінің локализациясы екені, енді Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде мобильді кешеннің 600 жиынтығы шығарылатыны мәлім болды. Келесі жылы өндіріс көлемі жылына 1 мың мобильді және соншалық стационарлық кешенге дейін арттырылмақ.

Бейнебақылау камерасы
Бейнебақылау камерасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өнімдер қоғамдық көліктер мен жедел қызмет автокөліктерінің – жедел жәрдем, өртке қарсы қызмет, полиция және т.б. қажеттіліктерге пайдаланылады.

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Alatau Smart Technology Kazakhstan компаниясы өкілдерінің мәліметінше, алдағы уақытта өнімдері ассортименті кеңейтіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары технологиялары, патрульдік полицияға арналған бейнебақылау көзілдірігі, жаяу патрульдік полиция қызметкерлеріне арналған жетондар және транферт саласында басқа да ноу-хау енгізу жоспарланып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.