Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мерзімі өтіп кеткен айыппұлдарға байланысты 25 пайыздық төлем алынбайтын болды

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі жеке сот орындаушылары жұмысын роботтандыратын жоба құрылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков робот-жеке сот орындаушысы жобасы туралы айтты.

"Бұрын мысалы сізге "Сергек" камерасы бойынша айыппұл салынса және оны 50 күн ішінде төлеп үлгермесеңіз, сіздің айыппұлыңыз жеке сот орындаушысына өтіп кететін. Жеке сот орындаушысы қызметкері тыйым салып, содан соң айыппұл сомасының 25 пайызына дейін сізден қаржы өндіріп алатын.

Енді, егер айыппұл 50 күннен асып кетсе, біз оған Egov арқылы қосымша SMS және push-хабарлама жібереміз. Қандай да бір банктің мобильді қосымшасын пайдаланатын болса, соған да жібереміз. Азаматтардан артық ақша өндірілмеуі үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Енді робот мұның барлығын тегін жасайды, яғни бұған дейінгі 25 пайыз болмайды", - деді Әділет министрлігінің өкілі.

Ол мұндай робот есебінен жыл сайын 2,2 миллиард теңге үнемделетінін айтты – бұл бұған дейін қазақстандықтардан кешіктірілген айыппұлдар үшін өндіріп алынған сома.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121165-qazaqstandyqtardan-merzimi-otip-ketken-aiyppuldarga-25-paiyzdyq-tolem-alynbaityn-boldy/