Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздігінен түсе алмаған": Ақмола облысындағы ең биік тауда Қарағанды тұрғыны құтқарылды

Жарияланған күні:

Бурабай
Бурабай. Көрнекі фото: borovoe.kz

Ақмола облысының тауларында Қарағанды тұрғыны құтқарылды – Бурабай курортының ең биік тауына шыққан ол өздігінен түсе алмаған. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл жағдай 20 маусымда болған.

Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткен.

Қарағандыдан келген турист Көкшетау тауының шыңына шыққаны анықталған. Оған таудан түсуге құтқарушылар көмектескен – құтқару операциясы шамамен екі сағатқа созылған.

Құтқарылған ер адам қазір қауіпсіз жерде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121426-ozdiginen-tuse-almagan-aqmola-oblysyndagy-eng-biik-tauda-qaragandy-turgyny-qutqaryldy/