jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар зейнет жасын төмендетуді көздейтін петицияға белсенді түрде қол қойып жатыр

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Онлайн-петиция беруге арналған платформада жаңа бастамалар көтеріліп жатыр. Олардың ішінде зейнет жасын қайта қарау туралы ұсыныс дауыс саны бойынша көш басында тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ePetition сайты қазақстандықтарға белгілі бір маңызды мәселелер бойынша ұжымдық үндеу құру мүмкіндігін беру мақсатында әзірленген.

Мысалы, қазақстандықтар мынадай мәселелер бойынша қажет 50 мың дауысты жинап үлгерді:

  • утильалымды жою;
  • шенеуніктерге құмар ойындарға тыйым салу;
  • уақыт белдеуін қайтару.

Қазір ePetition.kz сайтында дауыс саны бойынша көшбасшылар қатарында Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция тұр. Ол қазірдің өзінде 1900-ге жуық қол жинап үлгерді.

Петицияның мәні

Петицияның сипаттамасында авторлар әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа, ал ерлердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап ететіні атап өтілген.

"Жоғарыда аталған зейнет жасы көршілес елдердің: Қазақстан төңірегінде орналасқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің зейнет жасымен салыстыра отырып, негізделген.

Бірдей климаттық жағдайда, бірдей өмір сүру ұзақтығымен Қазақстанда ерлердің зейнетке шығуы 63 жастан белгіленді, 2028 жылдан кейін әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады, бұл бізді қорлау", - делінген үндеуде.

Петиция авторларының пікірінше, зейнет жасын төмендету мынаған көмектеседі:

  • мемлекеттен жәрдемақы алатын жұмыссыз ретінде еңбек биржасында жұмыс іздеуге мәжбүр болған жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуге;
  • мүгедектер санын қысқартуға.

"Қазақстан Республикасының барлық тұрғынының лайықты және сапалы өмір сүруі үшін Қазақстанда барлық ресурс бар: мұнай, газ, алтын, уран және басқа да пайдалы қазбалар.

Барлық қолда бар ресурсты дұрыс басқарған жағдайда, Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің біріне айнала алады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында бекітілген конституциялық құқықтарымызды пайдаланып, әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа, ал ерлердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етеміз", - дейді петиция авторлары.

Қазақстандықтар зейнет жасын төмендетуді көздейтін петицияға белсенді түрде қол қойып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.