jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматыда түнде көлік көп жүретін көше қиылысында қозғалыс жабылады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Telegram-дағы Almaty Joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Көлік қозғалысы екі бағытта да жабылады.

Telegram-дағы арнадағы мәлімет бойынша, 21 маусым сағат 23:00-ден 22 маусым сағат 09:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады.

"1986 жылдан бері пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 305 метр құбырды қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Құбыр 5 көпқабатты үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Қайта жаңғырту кезеңінде ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Компнаия өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, осы аумақты айналып өтуді сұрайды.

Алматының Бостандық ауданында да жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін екі көшенің бойындағы өткел де жабылатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алматы әкімдігі Саин – Мөңке би жол айырығындағы көлік қозғалысы шілде айының соңында ашылатынын хабарлады. Бұл Момышұлы көшесінен келетін көлік жүктемесін азайтады деп күтіліп отыр.

Алматыда түнде көлік көп жүретін көше қиылысында қозғалыс жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.