Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз Айдың кестесін жасамаймыз ғой": министр Жақыпова Құрбан айттағы демалыс неге "жоғалып кеткенін" түсіндірді

Жарияланған күні:

Светлана Жақыпова
Светлана Жақыпова. Фото: primeminister.kz

Үкімет кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 17 маусымда қазақстандықтардың неліктен демалмағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова журналистердің мерекелік күнтізбеде алғашында 17 маусымға белгіленіп, кейін жоқ болып кеткен демалыс күні туралы сұрақтарына жауап берді.

"Мен қазақстандықтардың күйін жақсы түсініп отырмын, біз жыл соңында мерекелерді анықтауға қатысты барлық мемлекеттік органдардан, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (ҚМДБ) сұраймыз. Олар бізге бастапқыда Құрбан айттың бірінші күні 17-не келеді деп ресми ақпарат берді, осыған сәйкес күнтізбе жасалды", - деді Жақыпова.

Ол ҚМДБ хатында бұл күн күнтізбеге байланысты ауысуы мүмкін екендігі ескертілгенін айтты. Құрбан айтқа екі апта қалғанда Еңбек министрлігіне мерекенің бірінші күні онсыз да демалыс күні – 16 маусымға сәйкес келетіні туралы хат келген

"Біз күнтізбе мен Айдың кестесін жасамаймыз ғой. Алдын ала білмедік", - деп жауап берді Светлана Жақыпова.

17 маусымның жұмыс күні болатыны 7 маусымда белгілі болды. Кейінірек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 16 маусымды Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіледі.

Кейбір қазақстандықтардың қосымша демалыс күніне сапарлар мен басқа да шараларды жоспарлап қойғаны белгілі болды. Олардың кейбіреулері атап өткендей, жоспарларын өзгертуге тура келген.

Кейін Еңбек министрлігі Құрбан айт демалыс күнін неге 16 маусымға "ауыстырғанын" түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121660-biz-aidyng-kestesin-zhasamaimyz-goi-ministr-zhaqypova-qurban-aittagy-demalys-nege-zhogalyp-ketkenin-tusindirdi/