Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевтегі Қазақстан журналисіне жасалған қастандық: Бас прокуратура тергеу бастады

Жарияланған күні:

Бас прокуратура кеңсесі
Бас прокуратура кеңсесі. Фото: gov.kz

Бас прокуратура Киевте журналиске қастандық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл уралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау дерегі бойынша Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.

Құзырлы орган қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлім етті.

Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуыл

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді.

Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады.

Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші мен оның жұбайы 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесін алған.

19 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Кейін Ішкі істер министрлігі журналиске қастандық жасады деген күдіктілерге қатысты ақпарат берді.

Сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған шабуылды тергеу барысын жіті бақылап отырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121753-bas-prokuratura-kievte-zhurnaliske-qastandyq-zhasau-deregi-boiynsha-tergeu-bastady/