Павлодардағы тұрғын үйлердің жартысы сусыз қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодардағы түрғын үйлердің жартысы уақытша сусыз қалды. Қала әкімдігі өкілдері ақау себептері мен су қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды "Павлодар-Онлайн" басылымы.
Қазіргі уақытта ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
"Біріншісорғы станциясына электр қуатындағы ақауға байланысты қысым төмендеді. Қазіргі уақытта "Павлодар Водоканал" ЖШС су сору қондырғыларын ауыстырып, сумен жабдықтау параметрлерін реттеп жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Ведомство өкілдері ақау сағат 17.00-ге дейін қалпына келтіріліп, су берілетінін атап өтті.
Бұған дейін ағынды суларды тазарту қондырғысында болған апат салдарынан Қостанай қаласы мен Заречное ауылының тұрғындары суық сусыз қалған болатын.
Ал Алматыда қарызы бар тұрғындарғы ыстық су беру тоқтатыла бастады. Осылайша, коммуналдық қызмет ақысын төлемегендер қарызын өтеуге міндетелді. Қалада пайдаланылған ыстық су мен жылу үшін жалпы қарыз бүгінде шамамен 2,1 млрд теңгеге жеткен
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121807-pavlodardagy-turgyn-uilerding-zhartysy-susyz-qaldy/