jitsu gif

Павлодардағы тұрғын үйлердің жартысы сусыз қалды

Шүмектен ағып тұрған су
Ағып тұрған суық су. Көрнекі фото: Pixabay.com

Павлодардағы түрғын үйлердің жартысы уақытша сусыз қалды. Қала әкімдігі өкілдері ақау себептері мен су қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды "Павлодар-Онлайн" басылымы.

Қазіргі уақытта ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

"Біріншісорғы станциясына электр қуатындағы ақауға байланысты қысым төмендеді. Қазіргі уақытта "Павлодар Водоканал" ЖШС су сору қондырғыларын ауыстырып, сумен жабдықтау параметрлерін реттеп жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Ведомство өкілдері ақау сағат 17.00-ге дейін қалпына келтіріліп, су берілетінін атап өтті.

Бұған дейін ағынды суларды тазарту қондырғысында болған апат салдарынан Қостанай қаласы мен Заречное ауылының тұрғындары суық сусыз қалған болатын.

Ал Алматыда қарызы бар тұрғындарғы ыстық су беру тоқтатыла бастады. Осылайша, коммуналдық қызмет ақысын төлемегендер қарызын өтеуге міндетелді. Қалада пайдаланылған ыстық су мен жылу үшін жалпы қарыз бүгінде шамамен 2,1 млрд теңгеге жеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.