Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының екі ауданында суық су уақытша өшіріледі

Жарияланған күні:

Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш
Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

Алматының екі ауданында 25 маусымда және 27 маусымда суық су өшіріледі. "Алматы су" компаниясы баспасөз қызметі су желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы су" компаниясы мәліметінше, Алматыда 25 маусымда және 27 маусымда сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

25 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Медеу ауданында мына даңғылдар мен көшелерде суық су беру уақытша шектеледі:

  • Төле би даңғылы – Назарбаев даңғылы, Райымбек даңғылы – ШААЖ (Шығыс айналма автокөлік жолы);
  • Шоқай көшесі, Сәрсенбаев көшесі – Кеңсай 1,2 шағынаудандары

27 маусымда сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін суық су беру мына мекенжайларда уақытша шектеледі:

  • Жетісу ауданындағы Райымбек батыр даңғылы, Нүсіпбекова көшесі, Рысқұлов көшесі. Волочаевская көшесі;
  • Медеу ауданында Жангелдин – Янушкеевич көшесі, Латифа Хамиди көшесі, Райымбек даңғылы, "Оскар" ЖК.

"Техникалық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау осы аумақтардағы тұрғындарды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандарға су автоцистерналармен жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121936-almatynyng-eki-audanynda-suyq-su-uaqytsha-oshiriledi/