Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балалар қайырымдылық мекемесінің атын жамылып діни пансионаттар жұмыс істеген

Жарияланған күні:

Қыз балалардың аяқтары
Орындықта отырған қыз балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе қаласы прокуратурасы өкілдері балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптары бұзылғанын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтем жсап хабарлайды.

Қадағалау органы мәліметінше, Ақтөбе қаласындағы "Актөбе" және "Ақжар" пансионаттарының тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында, тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды.

"Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды. Сонымен қатар обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған", - делінген хабарламада.

Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жүзеге асырған.

Прокуратура мәліметінше, балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Қазіргі уақытта сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша 2 пансионатты "Актөбе" және "Ақжар" тіркеуден айырып, таратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122077-aqtobede-balalar-qaiyrymdylyq-mekemesining-atyn-zhamylyp-dini-pansionattar-zhumys-istegen/