Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда облысында білім саласындағы 41 қызметкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының прокуратурасы Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері  өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды.

"2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды", - делінген хабарда.

Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122107-turkistanda-oblysynda-bilim-salasyndagy-41-qyzmetker-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/