Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура журналист Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің бірі ұсталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура журналист Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өзі хабарласқанын, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынғаны мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен ағымдағы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садықовты өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.

"21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура екінші күдікті М. Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Құзырлы орган тергеудің мүддесі орай басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуыл

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді.

Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады.

Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші мен оның жұбайы 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесін алған.

19 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Кейін Ішкі істер министрлігі журналиске қастандық жасады деген күдіктілерге қатысты ақпарат берді.

Сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған шабуылды тергеу барысын жіті бақылап отырғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау дерегі бойынша Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122113-kievte-zhurnalist-sadyqovqa-zhasalgan-qastandyq-kudiktiden-isting-man-zhaiy-boiynsha-zhauap-alyndy/