Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы даңғылдардың бірі бір тәулікке жабылады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанадағы Сарыарқа даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Сарыарқа даңғылы бойынша Абай даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

"Осыған байланысты 23-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске Сарыарқа-Абай және Сарыарқа-Сейфуллин көшелерінің қиылыстарын қоса алғанда, толығымен жабылады", - делінген хабарда.

Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Сондай-ақ олар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122155-astanadaagy-danggyldardyng-biri-bir-taulikke-zhabylady/