jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Грекияда шетелдік туристер яхтадан отшашу атып, орманды өртеп жіберді (видео)

Грекия орманында шыққан өрт
Грекия орманында шыққан өрт. Фото: pronews.gr

Грек билігі Идра аралындағы өрт шығарған 13 адамды қамауға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Идра аралындағы Бисти ауданында 21 маусым күні кешке орманда өрт тудырған 13 Грекия азаматын өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 22 маусымда қамауға алды. Жексенбі күні таңертең Пирей прокурорының алдында жауап береді", - деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өртке яхтадан ұшырылған белгі беру ракетасы немесе отшашу себеп болған. "Катимерини" газеті дереккөздерге сілтеме жасап, яхтаны Қазақстан азаматтары жалдаған деп хабарлады.

Өрт сенбі күні түстен кейін сөндірілді.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 21 маусым, сағат 18:00-ден 22 маусым 18:00-ге дейін 66 табиғи өрт шыққан, оның 52-сі бастапқы кезеңде ауыздықтады, өрт сөндіру бөлімшелері 14 өртті әлі де сөндіріп жатыр.

Андрас аралында өрт қаулап жатыр, билік Стратопуриес, Ламира, Менитес және Ипсила елді мекендерінің тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлама жіберді.

Грекияда шетелдік туристер яхтадан отшашу атып, орманды өртеп жіберді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.