Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи ескерткішті бүлдірген: Италияда қазақстандық туристің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды

Жарияланған күні:

Жазу
Жазу. Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura/euronews.com

Сенбі, 22 маусымда таңертең Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінде ашық түсті сылаққа "ALI" деп ойып жазған қазақстандықты қауіпсіздік қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Euronews.

Басылым атап өткендей, оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинерлер бекетіне хабарланған, содан кейін құқық бұзушы ұсталған.

Енді ол сәулет ескерткішіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс. Нақты сома техникалық сараптамадан кейін белгілі болады.

KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласты.

Археологиялық саябақтың сайтында 1913-1914 жылдары қазып алынған Цей үйі – соңғы самнит дәуіріндегі (ж.с.д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйлердің сирек үлгілерінің бірі. Бұл үй магистрат Луций Цей Секундтың меншігінде болған деп саналады, оған үйдің сыртқы қасбетіне жазылған жазу дәлел.

Анықтама үшін: Помпей – Везувий тауының етегіндегі жартылай қираған қала. Ол – Италияның басты көрікті жерлерінің бірі және әлемдегі ең көне қала.

Вулкан құдайының құрметіне арналған жыл сайынғы римдік фестивальден кейін қала бір түнде жермен-жексен болған. Везувийдің атқылауы 79 жылы 24 тамызда таңертең басталып, қалың күл қабатының астында 2 мыңға жуық адам көміліп қалған.

Миллиондаған туристер Помпейге аңызға айналған қаладан не қалғанын өз көздерімен көру үшін келеді.

Бұған дейін қазақстандық туристер Грекияның Идра аралында болған орман өртіне қатысты айыпталған болатын. Болжам бойынша, өртке яхтадан атылған отшашу себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122491-qazaqstandyq-turisting-italiiada-ustalgany-turaly-aqparat-paida-boldy/