Астанада өртенген биік ғимарат бюджет есебінен жөнделе ме: әкімдік өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском22 маусымда Астанадағы Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде ірі өрт болды. Астана әкімдігі ғимараттың қасбетін және зақым келген пәтерлерді жөндеу бюджет есебінен жүргізілмейтінін мәлімдеді. Бұл жөнінде әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдік өкілдері құрылған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысатынын мәлімдеді.
"Өрттен зақым келген пәтерлер мен ғимарат қасбетін жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қала әкімдігі тарабынан ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетіледі.
Еске сала кетейік, өткен сенбіде Астанадағы "Хан шатыр" ойын-сауық кешені аумағында өрт шықты.
ТЖМ ғимараттың 2-қабаты мен 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қырындағы қаптамасы өртенгенін мәлімдеді.
22 маусымда кешкі сағат 10-дар шамасында 250 шаршы метр аумақта шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі: от қолданылған. Құтқарушылар өрт кезінде 12 адамды эвакуациялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122800-astanada-biik-gimaratta-bolgan-ort-akimdik-okilderi-zhondeu-zhumystary-biudzhet-esebinen-zhurgizile-me-degen-suraqqa-zhauap-berdi/