jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер елімізде 46 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті

Бөртегүл
Бөртегүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алдағы үш күнде Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келеді.

25-26 маусымда Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр жауады, кей аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Ал 27 маусымда республиканың солтүстігінде күн ыстық болмақ.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +35... +38 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстігінде +40...+46 градусқа дейін жетіп, күн аптап болады деп күтіледі.

Еске салайық, бүгін синоптиктер алдағы 7 күнде, яғни 24-30 маусым аралығында Шымкентте қандай ауа райы күтілетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Астана мен Алматыда алдағы аптада жаңбырлы ауа райы күтілетінін жазған едік.

Бұған дейін Астана, Алматы, Шымкентте және Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Синоптиктер елімізде 46 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.