Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы екі апта демалады: Астанада оқу жылы басталатын уақыт шегерілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сынып партасы
Сынып партасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанадағы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу жылының басталуы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар келіп, көптеген спорт нысанында өтетін іс-шараларға байланысты оқу жылының басында көлік трафигіне жүктеме артылуы мүмкін.

Туризм және спорт министрлігі бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынды – кейбір оқу орындарын онлайн режимге көшіру немесе елордадағы оқушылар мен студенттердің демалыс мерзімін ұзарту.

"Штабтардың бірінде біз мектептер үшін оқу жылының басында қаладағы кептеліс пен көлік трафигі мәселесін көтерген едік, қазір Оқу-ағарту мен Білім және ғылым министрліктерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мәселе қандай? Бұл мәселені шешудің екі амалы бар. Я біз бұл жол желілерінде барлық спорт нысаны орналасқан – Қабанбай батыр мен Тұран көшелеріндегі мектептерді онлайн оқыту форматына көшіреміз. Ол жерде 1 университет, 4-5-ке жуық мектеп пен колледж, балабақша бар немесе Астанада оқу жылының басталу мерзімін шегереміз.

Бұл мәселе қызу талқыланып жатыр және келесі аптада шешім қабылдауымыз керек, осы форматтардың бірін қабылдаймыз", - деді вице-министр Серік Жарасбаев.

Ол Көшпенділер ойындарына байланысты аталған көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында көлік қозғалысына қатысушыларды спорт нысандары ("Алау" мұз айдыны сарайы, "Астана Арена" және т.б.) мен қонақүйлер арасында тасымалдайтын маршруттық автобустар іске қосылатынын айтты.

Сондай-ақ астаналықтардың жұмысқа баруына кедергі келтірмеу үшін спорт ойындары сағат 09:00-ден 11:00-ге ауыстырылады.

Туризм және спорт вице-министрінің сөзіне сүйенсек, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жабу жоспарланбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123148-tagy-eki-apta-demalady-astanada-oqu-zhyly-bastalatyn-uaqyt-shegerilui-mumkin/