Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тасқын кезінде Атырауға 50 мың қап әкелген дағыстандық марапатталды

Жарияланған күні:

Cу жағасын нығайту жұмыстары
Cу жағасын нығайту жұмыстары. Фото: t.me/KZgovernment

Атыраудағы су тасқыны кезінде қап әкеліп, қол ұшын созған Дағыстан тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалімен марапатталды. Ахмедовтің қазақстандықтарға арнаған видеоүндеуін AtyrauPress басылымы жариялады.

Омарасхаб Ахмедов қазақстандықтарға видеоүндеу жазып, Атырау облысындағы су тасқыны кезіндегі еңбегін жоғары бағалағаны үшін бауырлас халыққа алғысын білдірді.

Басылым мәліметінше, Ахмедов Омарасхаб – Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасы Хасавюрт ауданы, Муцалаул ауылының тұрғыны.

Ахмедов Омарасхаб Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы туралы біліп, газельге 50 мың қап тиеп, Атырауға Астрахан облысы арқылы барып, түні бойы көлікпен жол жүрген. Қаптар Жайық өзенінің жағалауын нығайту үшін пайдаланылды. Дағыстан тұрғынының бұл жанқиярлық әрекетін Атырау облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның тұрғындары жылы қабылдады.

Журналистер одағы Ресей азаматын алтын медальмен марапаттауға шешім шығарған. Өкінішке қарай, Омарасхаб Ахмедов марапаттау рәсіміне келе алмайтынын қазақстандықтарға алғыс сөздерін видео арқылы айтты.

"Біз, дағыстандықтар, кавказдықтар мен қазақтар тарихи тұрғыдан бір-бірімен өте тығыз байланысты деп есептеймін. Қуғын-сүргін кезінде, қиын күндерде біздің аталарымыз қазақ даласында аш күндер өткізгені туралы көптеген әңгімелер бар. Ал ағайынды қазақтар олардың өлуіне жол бермеді. Менің ойымша, бұл менің азаматтық борышым және мен оны бауырлас халыққа алғыс ретінде орындадым. Менің еңбегімді жоғары деңгейде бағалағаныма алғыс айтамын", - деді Омарасхаб Ахмедов қазақстандықтарға арнаған видеоүндеуінде.

Айта кетейік, Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі саяси, қоғам қайраткерлеріне, журналистерге және басқа да азаматтарға экология саласындағы қоғамдық қызметі үшін, балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмысы үшін беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123673-tasqyn-kezinde-atyrauga-50-myng-qap-akelgen-dagystandyq-marapattaldy/