Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім қаза тапты

Опубликовано:

Аурухана іші
Аурухана іші. Фото: NUR.KZ / Ардақ Ерубаева

БҚО-да мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім қаза тапты. Кәмелетке толмаған тағы үш бала түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым ақпаратына сүйенсек, жол апаты 20 маусым күні Переметное ауылындағы жанармай бекетінің маңында болған.

Ал БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі Alpha Samurai мопедінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, мотоциклмен бетпе-бет соғысқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары сараптама тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр.

Жол апатынан тағы 2006, 2007, және 2008 жылғы жасөспірімдер зардап шекті. Олардың екеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізіліп, артынша облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылған.

"2006 жылғы науқас медициналық мекемеге ауыр халде түсті. Ол келесі тәулікте қайтыс болды. 16 және 17 жастағы екі жасөспірімге амбулаторлық ем тағайындалды. 16 жастағы тағы бір жеткіншекке ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазір травматология бөлімшесінде жатыр", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасында.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123895-bqo-da-moped-pen-mototsikl-soqtygysyp-zhasospirim-qaza-tapty/