Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер шілдеде қай өңірлерде құрғақшылық болжанғанын айтты

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар шілдеге арналған құрғақшылық болжамын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 2024 жылғы шілде айында атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаяды.

Елімізде атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде болады деп болжанып отыр:

  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында;
  • Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
  • Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
  • Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында; және Атырау облысының басым бөлігінде.

Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында болады деп болжанған.

Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты болады деп күтіледі.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124054-sinoptikter-shildede-qai-ongirlerde-qurgaqshylyq-bolatynyn-aitty/