Жүргізуші куәлігін сатып алуға тырысады: қазақстандықтар мопедшілерге шағымданып жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕлордалық полицейлер бір тәулікте жүзге жуық мопедті айыппұл тұрағына қойды – тәртіп бұзған жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарна ақпараты бойынша, мопед жүргізушілері биыл күзде жүргізуші куәлігін алуы керек. Алайда олардың басым бөлігі тіпті автомектепке баруды ойламастан, куәлікті сатып алуға тырысып жатқан көрінеді.
Мамандар мопедшілерге қойылатын талапты күшейту керек екенін айтты.
"Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының президенті Арсен Шақуов мопед жүргізушілердің қатысуымен болып жатқан жол-көлік оқиғаларын "вакханалия" деп атады.
"Олар жол ережесін біледі, бірақ немқұрайлы қарайды немесе жай ғана жол ережесін білмеуі мүмкін. Жол ережесінде екі жолақты жолға қатысты нормалар бар, бірақ мопед жүргізушілері оларды сақтамайды", - дейді ол.
Шақуов мопед жүргізушілерін жүргізуші куәлігін алуға міндеттеу, оларды жол ережесін меңгеріп, үйрету керек деген пікірмен келісетінін айтты.
Телеарна тілшілері көптеген мопед жүргізушісінің автомектепте оқуға ниеті жоқ екенін атап өтті.
Рудныйдағы автомектептің иесі Екатерина Корчагинаның айтуынша, мопедшілердің көбіне оған жол ережесін меңгеру бойынша курсты бітіргені туралы сертификат сатуын өтінеді екен.
"Бұл тенденция болып кеткен. Олар қоңырау шалып, (сертификатты – ред. ескертпесі) сатуын сұрайды. Біз сатпаймыз, бірақ сататындар да бар", - деді ол.
Жақында мопед жүргізушілері көлікке мемлекеттік нөмір алуға міндеттелетіні хабарланды. Бұл заң мамырда қабылданған болатын – мопедшілерге жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірді алуға алты ай уақыт берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124120-zhurgizushi-kualigin-satyp-aluga-tyrysady-qazaqstandyqtar-mopedshilerge-shagymdanyp-zhatyr/