Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метро құрылысы кезінде 5 млрд теңге жымқырылған: он адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

метро Алматы11
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға сот үкімі шықты. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас көлік прокуратурасы жүргізді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ, "Автоматтандыру және технологиялар қызметі" ЖШС басшылары бола отырып, адамдар тобымен 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде "Сарыарқа" және "Достық" станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі қаржыны жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді", - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі айыпталушылар 7 жылдан 8 жылға дейін).

Сонымен қатар сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124243-almaty-metrosyndagy-zhymqyru-isi-sot-ukim-shygardy/