jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шетелде тұратын танымал қазақ ақыны өмірден озды

    Бақыт Кенжеев
    Бақыт Кенжеев. Фото: massaget.kz

    Нью-Йоркте танымал қазақстандық ақын Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлап, көңіл айтты. Марқұмның еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мәдениет және ақпарат министрі Facebook желісіндегі парақшасында марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    "Нью-Йорктен қазақстандық ақын Бақыт Кенжеевтің дүние салғаны туралы қайғылы хабар келді. Бақыт Кенжеевтің поэзиясын мұхиттың екі жағындағы әдебиет сүйетін оқырман жақсы көрді. Бұрын-соңды болмаған шеберлік, сөздің құдіреті Бақыт Шүкіроллаұлын әлем әдебиетінің классигіне айналдырды.

    Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды.

    Сөз шебері, біздің көрнекті отандасымыз және замандасымыз Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды Аида Балаева.

    Айта кетейік, Бақыт Шүкіроллаұлы Кенжеев 1950 жылы 2 тамызда Қазақ КСР Шымкентте дүниеге келген. Ол 1982 жылы Канадаға қоныс аударды, ал 2006 жылдан бастап Нью-Йоркте тұрған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.