Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шындық ешкімге керек емес екен": Бишімбаев апелляциялық сотта сөз сөйледі

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/jogargy_sot

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысының екінші бөлімінде экс-министр қысқаша сөз сөйлеп, адвокаттарын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

Қуандық Бишімбаев пікірін осыған дейінгі сот процесінде бірнеше рет айтқанын алға тартты.

"Мен адвокаттарымның дәлелдерін толығымен қолдаймын. Шынында да, маған және менің тарабыма кінәмнің аздығын дәлелдеуге мүмкіндік берілмеді. Бұл туралы сот процесінде бірнеше рет айттым. Бізге материалдармен дұрыс танысуға да рұқсат берілген жоқ.

Шындық ешкімге керек емес екен. Шешім алдын ала шығып қойған, сондықтан білмеймін. Бәрі айтылды, енді тек адвокаттарымның ұстанымын қолдаймын деу ғана қалды", - деді Қуандық Бишімбаев.

Айта кетейік, түскі үзіліске дейін отырыстың бірінші бөлімінде Бишімбаевтың үш адвокаты да қарсылығын білдіріп үлгерді.

Бүгін, 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Экс-министрдің адвокаттары сот процесінде заң бұзылғанын айтып, алқабилердің тегін жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124375-shyndyq-eshkimge-kerek-emes-eken-bishimbaev-apelliatsiialyq-sotta-soz-soiledi/