Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "Ең адал полицей" сотталды

Опубликовано:

Азамат Айымбетов
Азамат Айымбетов. Видеодан кадр: t.me/ kozachkov offside

Шымкентте "Ең адал полицей" Азамат Айымбетовқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, экс-полицей Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Азамат Айымбетовтің өзі 700 мың теңге көлемінде пара алғанын мойындағанымен, қорқытып-үркіту фактілері болғанын жоққа шығарды.

"Кінәмді ішінара мойындаймын. Ешкімді қорқытқан жоқпын, ешкімді мәжбүрлеген жоқпын", - деген еді ол алдыңғы сот отырысында.

Айта кетейік, Азамат Айымбетовті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері наурыз айының соңында ұстаған.

Еске салсақ, 2021 жылы Азамат Айымбетов өз бастығы болған Мұхтар Бұқарбаевқа қарсы арыз жазған еді. Ол 2022 жылы мемлекет басшысына үндеу жолдап, Бұқарбаевқа жасаған қымбат сыйлықтары туралы айтқан.

Экс-полицейдің арызынан кейін полковник Мұхтар Бұқарбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осы оқиғадан соң Азамат Айымбетов "адал полицей" атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124408-shymkentte-eng-adal-politsei-sottaldy/