jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жұмыстан босатылады: Қазақстанда шенеуніктер мен әскерилерге бәс тігуге тыйым салатын заң мақұлданды

ойын
Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат депутаттары шенеуніктерге бәс тігуге тыйым салатын заңды екінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжатты мемлекет басшысына қол қоюға жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутаттар мақұлдаған заңдарға енгізілген түзетулер құмар ойындар мен лотерея қызметіне қатысты.

"Иә, бұл норма (лауазымды тұлғаларға құмар ойындар ойнауға тыйым салу туралы – ред.ескертпесі) енгізілді – бұл қоғам белсендісі, "Әділдік жолы"қоғамдық ұйымының төрағасы Дидар Смағұлов бастамашы болған петицияға толығымен сәйкес келеді.

Аз уақыттың ішінде бұл петицияны біздің Туризм және спорт министрлігі қарады. Жұмыс тобының барлық мүшелері бірауыздан оны толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады", - деді вице-министр Мирас Төлебаев.

Спикердің айтуынша, егер мемлекеттік қызметкер немесе әскери қызметші тыйымды бұзып, бәс тігу немесе басқа да ойындар мекемесіне барса, қызметінен шеттетіледі. Бұл жағдайда айыппұл қарастырылмаған.

Мұндай мемлекеттік қызметшілерді кейін жұмысқа қайта алуға бола ма деген сұраққа вице-министр әрбір жағдайды тәртіптік комиссиялар жеке қарайтынын айтты.

Жұмыстан босатылады: Қазақстанда шенеуніктер мен әскерилерге бәс тігуге тыйым салатын заң мақұлданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.