Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әйел күйеуіне келген полицейлерді соққыға жыққан

Опубликовано:

Полицей жауап алуда
Полицей. Көрнекі фото: polisia.kz

Өскемен тұрғыны полиция қызметкерлерін соққыға жығып, оларды балағаттаған. Бұл құқықбұзушылық бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шығыс Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының №2 сотында азаматшаға қатысты билік өкілдерін олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлау (Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі), сондай-ақ екі адамға қатысты билік өкілдеріне олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық қолданғаны туралы қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы).

"2024 жылғы ақпанда полиция қызметкерлері жұбайына қатысты келіп түскен әйелінің өтінішін қарау үшін учаскелік полиция бөліміне бару туралы заңды талаптарына кедергі келтіріп, полицейдің бірінің бет, бас және аяғынан бірнеше рет ұрып, екінішісінің иек тұсына жұдырықпен соғып, оларды ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздермен балағаттады", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Сотталушы кінәсін мойындады.

Қылмыстық жауапкершілікті және сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот оның істеген ісіне шын жүректен өкінгенін, кінәсін мойындағанын таныды.

Айыпталушы құқықбұзушылықты мас күйде жасаған.

Сот сотталушыны қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған жаза ретінде: Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша – 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде, Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша – 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, түпкілікті 4 жыл мерзімге пробациялық бақылауды белгілеумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125251-qazaqstandyq-aiel-kuieuine-kelgen-politseilerdi-soqqyga-zhyqqan/