Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаруы бар мопед жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

Мопед жүргізушісін ұстау сәті
Мопед. Видеодан кадр: youtube/@AlmatyPolisiasy

Алматы полициясы травматикалық қаруы бар мопед жүргізушісін ұстады. Бұл турал Polisia.kz ақпараттық медиа порталы хабарлайды.

Алматыда патрульдік полицияның экипажы кең ауқымды рейд барысында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін ұстады.

"Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың назарын аударды. Одан әрі атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, мопед жүргізушісінде атуға жарамды “ОСА” травматикалық тапаншасы болған.

Бостандық аудандық полиция басқармасы заңсыз қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталады", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Михаил Кан.

Ведомство ақпараты бойынша, Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сондай-ақ ведомство өкілдерінің айтуынша, Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналатыны ескертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125668-almatyda-qaruy-bar-moped-zhurgizushisi-ustaldy/