jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астанада жаңа автобус бағыты ашылды

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 30 маусымнан бастап Астанада жаңа №58 автобус бағыты ашылды. 15 жаңа автобус желіге шықты, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

30 маусымда "Агроқалашық" ТА – Хусейн бен Талал көшесі қатынасымен жаңа № 58 бағыт іске қосылды.

Бұл бағытта 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау аралығы 9-20 минут болады.

Автобус бағыты ҚР Ұлттық мұражайы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы, "Әзірет Сұлтан»-" мешіті, Отан қорғаушылар монументі, Самал ш/а және әл-Фараби даңғылын ("Nova City", "Comfort Town", "Capital park. Flowers", "Zhana Omyr") қамтиды.

Бағыттың іске қосылуы:

  • "Агроқалашық" тұрғын алабына көлік қызметін көрсетуге;
  • Тәуелсіздік даңғылының жаңа көпірі арқылы қозғалысты жақсартуға;
  • Тәуелсіздік, Республика және әл-Фараби даңғылдарын көліктік байланыспен қамтамасыз етуге;
  • №2, 3, 4, 4А, 15, 15А, 31 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Оған қоса Күмісбеков көшесінің Кенесары көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бұған дейін Күмісбеков көшесінің Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қоғамдық көлік жүрмеген еді.

Астанадағы №58 автобус бағытының сызбасы
Астанадағы №58 автобус бағытының сызбасы. Сызба: instagram.com/cts_kz

Астанада жаңа автобус бағыты ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.