jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

2021 жылдан бері бірінші рет: ғылым министрі ҰБТ-дан 140 балл алған түлекті құттықтады

Саясат Нұрбек пен Жаннұр Еңсебек
Саясат Нұрбек пен Жаннұр Еңсебек. Фото: t.me/gylym_jogary_bilim

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 балды жинаған Алматы облысының түлегін құттықтады. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 балл алған Жаннұр Еңсебекті құттықтады.

Ведомство мәліметінше, 11 жыл үздік оқыған түлек – "Алтын белгіге" үміткер. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Кездесу барысында министр оның ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.

"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!", - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

2021 жылдан бері бірінші рет: ғылым министрі ҰБТ-дан 140 балл алған түлекті құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.