Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында жоғалған жеті жасөспірім құтқарылды

Жарияланған күні:

Жоғалған жасөспірімдер
Жоғалған жасөспірімдер. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Құтқару операциясы Құмбел шыңында болды. 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, шыңды бағындыруды ұйғарды. Олар өз бетінше қайтып келе алмады, көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді.

Жасөспірімдер тексерілді, медициналық көмекке мұқтаж емес. Қазір оларды ата-аналарына беру үшін Медеуге дейін түсіреді", - делінген хабарда.

Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керегін еске салды.

Бұған дейін ТЖМ іздестіру операциясы Медеу ауданының Құмбел шыңына жақын жерде жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126484-almaty-taularynda-zhogalgan-zheti-zhasospirim-qutqaryldy/