Жол бойындағы Щучинск қаласының қате жазылған атауы жұртты күлдірді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқмола облысындағы Щучинск қаласының атауы қате жазылған. Жол белгісі көрсетілген тақтайшадағы қатені тұрғындар желіде жариялаған. Кейін жауапты мекеме олқылықты түзеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жол белгісіндегі қатені тұрғын Яна Адреева байқаған. Видео Instagram-дағы shchuchinsk_life паблигіне жарияланған.
"Сіз Щучинскте жүрмін деп ойлап жүрсіз бе? Қайдасың? Мен Шучучинскте", - деп әзілдеген кадр сыртында.
Желі қолданушылары да видеоны, қате атауды зілмен қабылдаса, кейбіреулер жергілікті билікті кінәлай бастады.
"Қалжыңдады... ШУЧУчинск", "Қанша өтсем де, байқамаппын", "Қазір осындай біліммен жергілікті биліктегілер жұмыс істейді", - деп жазады желі қолданушылары.
Видеоға Бурабай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жауап берді.
"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ-на ескертіп, хабарлама жіберілді", - делінген әкімдік түсініктемесінде.
Бүгін компания өкілдері баннердегі қате түзетілгенін хабарлады.
"Кеше әлеуметтік желіде Астана-Бурабай бағытындағы баннерде Щучинск қаласының ағылшын тіліндегі атауында сәл қате кеткен ғой. Соны біз бірден өзгертіп, қайтадан дұрыстап жазып қойдық. Анда-санда осылай бір қателердің кетіп қалатыны бар. Осындай хабар берген біздің оқырмандарға алғыс білдіреміз", - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126685-zhol-boiyndagy-shuchinsk-qalasynyng-qate-zhazylgan-atauy-zhurtty-kuldirdi-video/