Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынының ықпалы: Каспийде су деңгейі көтерілді

Опубликовано:

Каспий теңізінің жағалауы
Каспий теңізі. Фото: Gov.kz

Атырау облысында Каспий көліндегі су деңгейі көтерілді. Бұған аймақтағы қатты су тасқыны ықпал етті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы Каспий теңізінің (Атырау облысы) солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі 119 сантиметрге көтерілген.

"Бұған сәуір-мамыр айларында Жайық өзені бойынан тасқын судың мол ағыны, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп салған қосымша каналдар ықпал етті", - делінген хабарламада.

Су тасқыны кезінде Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шамамен 7,4 миллиард текше метр су құйылғаны атап өтілді. Тасқын суды теңізге бағыттау үшін Атырау облысындағы "Қазсушар" филиалы қосымша арналарды пайдаланды. Олар арқылы Каспий теңізіне 350 миллион текше метр су келді.

Осы арналардың әрқайсында "Қазсушар" мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы "Соколок" каналының бойында ұзындығы 14,5 км қосымша арна қазылды, ол арқылы да су Каспийге жіберілді.

"Тасқын су су қоймаларында жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, сағалар мен су басқан шалғындарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су жіберілді. Сонымен қатар Солтүстік Аралды белсенді толтыру жалғасуда, оған жыл басынан бері 1,1 млрд текше метрден астам су келді", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126856-su-tasqynynyng-yqpaly-kaspiide-su-denggeii-koterildi/