Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды

Опубликовано:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті госпиталінің бастығы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша қандай жаза қарастырылған?

ҚР Қылмыстық кодексiнің 362-бабы бойынша:

1. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның не лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы –

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Алып тасталды

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не:

1) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

2) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;

3) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында;

4) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етумен байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ал 3) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126898-sqo-politsiia-departamenti-gospitalining-basshysy-ustaldy/