jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі

Астана қаласы
Астана қаласы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты кейбір жол учаскесінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Қалалық ПД ресми ақпаратты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3), 4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін", - делінген хабарламада.

Ал қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылмақ.

Осы ретте елорда полиция департаменті тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұрады.

Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.