Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Екібастұз қаласы
Екібастұз қаласы. Фото: Іnstagram.com/abeysekin

1 шілдеден бастап Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала әкімдігі төтенше жағдай режимін не үшін жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Қала әкімдігі төтенше жағдай жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуын қамтамасыз ету үшін енгізілгенін мәлімдеді.

Ведомство өкілдері өткен жылы Екібастұз жылу электр орталығындағы жабдықтарды жөндеу жұмысы басталғанын еске салды. Қолданыстағы 10 қазандық агрегатының 8-і күрделі жөндеуден өтіп, 2 қазандық агрегаты жөнделген.

"Өткен маусымаралық кезеңде жүргізілген жөндеу науқанын және "Самұрық-Энерго" АҚ жүргізген талдауды ескере отырып, 2024 жылы "Самұрық-Энерго" АҚ қаражаты есебінен Екібастұз ЖЭО-да № 5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу және № 9 қазандыққа ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізу қажет", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өткен маусымда №12 қазандықтағы негізгі және қосалқы жабдықтарға 80 пайыз күрделі жөндеу жүргізілгенін, анықталған технологиялық бұзушылықтарды ескере отырып, осы жылы №12 қазандық агрегатының қалған 20 пайыз жабдығын жаңартып, қосымша жұмыстар жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

"Самұрық-Энерго" АҚ-нан Екібастұз қаласының әкімдігіне түскен өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жөнделетін объектілерді алдағы жылыту маусымына уақытылы тапсыру әрі жыл бойы үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ету үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Биыл қалған қазандық агрегаттары мен қосалқы жабдықтарды, сондай-ақ ЖЭО ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127216-ekibastuzda-totenshe-zhagdai-zhariialandy/