Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО жұрты Қырғызстандағы сел кезінде қаза тапқан балаларды ақтық сапарға шығарып салды (видео)

Жарияланған күні:

Ер адамдар мәйітті жерлеуге апара жатыр
Өскемендегі жерлеу рәсімі. Видеодан кадр: astanatv.kz

Өскеменде кеше Қырғызстандағы сел кезінде қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі жер қойнына тапсырылды. Балалар көрші елге демалуға барған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, кәмелетке толмаған төрт қазақстандық жасөспірім су қоймасындағы туристік аймаққа бет алған. Ішінде балалар отырған көлік апат ошағында қалып қойып, оны лай көшкіні ағызып кеткен. Көлік бір тәуліктен астам уақыт іздестірілген, елдегі туыстары балалар тірі табылып қалар деп үміттенген.

"Соңына дейін сенбедік. Кеше Алматыдан туыстарым қоңырау шалды, келді. Олар айтқан кезде сенбедім", - дейді қаза болған балалардың ағасы.

Азат, Ислам, Әсима мен Әлияның денесі Қазақстанға Қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізілді. Балалар 8-11 жас аралығында болған. Кеше Өскемен мешіттерінің бірінде оладың жаназасы шығарылды.

"Мешітке тұрғындарының бәрі дерлік жиналды. Қаламыз, еліміздің әрбір тұрғыны үшін үлкен қайғылы жағдай. Балалар қаза тапты", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Зоя Новолодская.

Білім бөлімінің өкілдері екі отбасының балалары қаза тапқанын хабарлады.

"№44 және №47 мектеп оқушылары, екі отбасының балалары. Бүгін ата-аналар да, педагогикалық ұжымдар да, мектеп директорлары да оқушыларымызбен қоштасуға келді. Бұл орны толмас зор қайғы.

Біз ата-аналармен байланыста боламыз және оларға қажет барлық көмекті көрсетеміз. Бұл қайғылы оқиға барлық ата-аналарды біріктірді, өйткені бұл біздің балаларымыз, ал балалар бөтен болмайды", - дейді Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Еске салсақ, жұма, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында нөсер жауыннан сел жүрді.

Кейін кәмелетке толмаған екі қазақстандық баланың денесі табылғаны белгілі болды. 30 маусымда Сыртқы істер министрлігі сел кезінде жоғалып кеткен тағы екі қазақстандық баланың денесі табылғанын хабарлады.

Қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров сел неге соншалықты жойқын болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127225-songyna-deiin-senbedik-qyrgyzstanda-sel-kezinde-qaza-tapqan-balalar-shqo-da-zherlendi/