Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік актер дүние салды

Жарияланған күні:

Владимир Матвеев
Владимир Матвеев. Фото: t.me/sputnikby

Ресейдің халық әртісі Владимир Матвеев 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Беларусь порталының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Матвеев 1952 жылы 26 қаңтарда Түмен облысында дүниеге келген.

1970 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтына оқуға түскен. Оқуды бітіргеннен кейін Ленсовет театрына қабылданған.

Кейін Ленконцерттің жас театрында және Красноярск жастар театрында жұмыс істеген..

Матвеевтің фильмографиясында 110-нан астам жұмыс бар, оның ішінде "Ментовские войны" және "Убойная сила" телехикаяларын ерекше атап өтуге болады. Актер Ленсовет театрында қызмет еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін атақты театр актрисасының дүниеден өткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127456-tanymal-reseilik-akter-dunie-saldy/