Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты театр актрисасы дүниеден озды

Жарияланған күні:

Маргарита Мұхаметдиева
Маргарита Мұхаметдиева: Фото: М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Астана қаласындағы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері Маргарита Мухаметдиева 57 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды театрдың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылғы 1 шілдеде ұзаққа созылған науқастан соң Маргарита Мұхаметдиева дүние салды", - делінген театр хабарламасында.

Маргарита Мұхаметдиева 1966 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 1988 жылы А.Алябьева атындағы (халық театрларының режиссері) Тобольск өнер және мәдениет училищесін бітірген. Талдықорған қаласының драма театрында қызмет етті.

1996 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін үздік бітірді.

1998 жылы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасына қабылданды.

"Маргарита Мұхаметдиева комедия, ертегілер, гротеск және трагедия жанрында өнер көрсетті. Маргарита Анатольевна үлкен талантқа ие болды, ол өзінің актерлік шеберлігімен, рөлге терең енуімен, театр өнеріне адал қызметімен ерекшеленді", - делінген қазанамада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127282-ataqty-teatr-aktrisasy-dunieden-ozdy/